2020 жылдың 3 желтоқсанында №19"Нұр бала"балабақшасы мен Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес "Сөйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері атты қашықтықтан семинар-практикум өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты: студенттер мен тәрбиешілерге сөйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Семинар барысында балабақша меңгерушісі А.Ж Айжарыкова"Мектепке дейінгі ұйымдардың жаңартылған білім мазмұны" тақырыбында баяндама жасады. Мектепке дейінгі балалармен логопедтің логопунктегі жұмысының ерекшелігі туралы балабақша әдіскері Рахимжанова Алима Кабдулловна толықтай тоқталып өтті. Балабақшаның дефектолог- тифлопедагогы "Дамуында күрделі бұзылулары бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының ерекшеліктері" жайында презентация жасап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар Директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева «Әлеуметтік серіктестермен жұмыстың мақсаты мен міндеттері» тақырыбына презинтация өткізді. Білім алушының таңдау пәні: «Мектепке дейінгі ұйымдардағы логопед жұмысы» туралы кафедра жетекшісі, мектепке дйінгі бөлім оқытушысы М.Құрметқызы сөз сөйледі.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бөлімнің меңгерушісі С.А Әмірова рефлексия өткізді. Студенттер тақырып бойынша кері байланыс жасады.Қатысушылар өз тілектерін білдіріп, бүгінгі семинар-практикумнан алған әсерлерімен бөлісті.