Текст
Біздің балабақшада 2-6 наурыз аралығында 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтілді. Балалар осы мерекені асығып күтті, өйткені олар аналарына,әжелеріне арнап, өз қолдарымен сыйлықтарын дайындады, тақпақтарын жаттады.Тақырыпқа байланысты музыка залы безендірілді. Балалардың өзі де, әдемі киініп, көңілді күйде болды. Мереке қарсаңында әр топтың балалары ән айтып, би биледі, аналарымен бірге ойындар ойнады. Ата-аналарға да, көңілді болды, олар өздері бала сияқты белсенді түрде мерекеге қатысып, балаларына көңілді атмосфера сыйлады. Міне, осындай іс-шаралар балабақша мен отбасының ынтымақтастығын белсендіреді, тәрбиелейді.