Текст
«Тілге бойлау» жобасы негізінде «Нұр бала» бөбекжайында "Қазақстан халықтарының тілдері күні" қарсаңында 29.08.2024ж.-05.09.2024ж. аралығында «Тіл –достықтың кепілі» атты мерекелік апталық жоспары құрылып, өтілді. Бұл апталықтың мақсаты: тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру болды. Осы мереке барысында ересек және мектепалды топ балаларының арасында «Өнер алды-қызыл тіл» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Осы сайыста өзге ұлт балалары қазақ тілінде өлеңдер оқыды,жаңа ұлттық ойындар ойнады. Апталық «Тіл – достықтың кепілі» атты фестивалімен аяқталды.