«Нұр бала» балабақшасы қамқоршылық кеңесінің отырысының
хаттамасы
20.01.2022ж
Өткізілу формасы: онллайн ZOOM
Қатысушылар: ҚК мүшелері, меңгеруші Айжарыкова А.Ж., есепші Габуова А.Б.
Күн тәртібінде:
«Нұр бала» балабақшасы меңгерушісінің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс қорытындысы
меңгеруші Айжарыкова А.Ж.
2021-2022 оқу жылының қаржылық есебі
есепші Габуова А.Б.
« Балабақшадағы тамақтануды ұйымдастыру »
медбике Галуза В.Ю.
Бірінші сұрақ бойынша меңгеруші Айжарыкова А.Ж сөз сөйледі(есеп қоса берілді)
Меңгеруші келесі мәселелерді қозғады:
Балабақшаның материалдық базасы
Бейнебақылау
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз орта.
Екінші сұрақ бойынша есепші Габуова А.Б.сөз алды.Қысқаша айтқанда:
Балабақшада бухгалтерияны бухгалтер жүргізеді. Дегенмен, есептің дұрыс жүргізілуіне, қаржылық есеп берудің уақытылы берілуіне және оның деректерінің дұрыстығына бақша меңгерушісі мекеме басшысы ретінде есепшімен бірге толық жауап береді.
Бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – балабақшаның сметалық қаражатының қалай жұмсалғанын, қаржылық тәртіптің қалай сақталуын, балабақшаның есеп айырысу жағдайын, қаражаттың, құрал-жабдықтардың, инвентарлардың және барлық материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.Тоқсандық қаржылық есеп балабақша сайтында орналастырылған.
Үшінші сұрақ бойынша медбике Галуза В.Ю. сөз сөйледі.
Қысқаша мазмұнда: Күнделікті диетаға ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер мен қант кіреді. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті күнтізбелік жеті күнде бір рет енгізіледі.
Таңғы ас ыстық тағамнан (бірінші немесе екінші) және ыстық сусыннан, жұмыртқадан, май немесе ірімшік жағылған наннан тұрады. Екінші таңғы асқа шырындар мен жемістер беріледі.
Түскі ас салат, бірінші, екінші тағам (ет, балық немесе құс етінің негізгі ыстық тағамы) және үшінші (компот, шай, шырындар және желе) кіреді. Қарапайым салаттар қайнатылған және жаңа піскен көкөністерден дайындалады.
Бесіндік асқа мәзірде нан, кондитерлік өнімдері бар сусын (сүт, қышқыл сүт өнімдері, шырындар, желе және т.б.) бар.
Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан тұрады; негізгі екінші тағам (ет, балық немесе құс еті), сусын (шай, шырын, компот және желе). Сонымен қатар, екінші кешкі ас ретінде жемістер немесе қышқыл сүт өнімдері,кондитерлік өнімдер кіреді.
Барлық тағамдар белгілі бір массада болуы керек:
Жас шамасы |
3 -5 жас |
5 -7 жас |
Таңғы ас |
400 — 500г |
500 — 550г |
Түскі ас |
550 — 600г |
600 — 800г |
Бесіндік ас |
250 — 300г |
300 — 400г |
Кешкі ас |
400 — 500г |
450 — 600г |