«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұр бала" бөбекжайы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад "Нұр бала» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Материалдық техникалық база

 

Материалдық-техникалық база

«Нұр бала» бөбекжай-бақшасының материалдық-техникалық базасының жай-күйі 2018 жылғы 30 қазандағы №595 «Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметінің үлгілік қағидаларын» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №614 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) талаптарына сәйкес келеді. Бөбекжай-бақша ғимараты үлгілік, 2019 жылы пайдалануға берілген, жобалық қуаты – 301 бала, мемлекеттік тапсырыс – 298 тәрбиеленуші.

Мектепке дейінгі ұйымда 62 дана DS-2CD2443G0-IW үлгісіндегі ішкі IP камера және 13 дана DS-2CD2055FWD-I үлгісіндегі сыртқы IP камера орнатылған. Бірінші қабатта DS-9664NI-I8 үлгісіндегі 64 арналық бейнетіркегіш пен DS-D5043F үлгісіндегі монитор орнатылған. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес 24 камера Орталық бақылау басқармасына (ЦОУ) қосылған («МСБ Профит» ЖШС, №13 келісімшарт, 2025 жылғы 5 қаңтар), дауыс арқылы хабарлау жүйесі орнатылған («Говоруха» ЖК, №15 келісімшарт, 2025 жылғы 5 қаңтар), дабыл түймесі бар («Арыстан» ЖШС, №12 келісімшарт, 2025 жылғы 5 қаңтар), өрт дабылы жүйесі орнатылған («Уразбаев» ЖК, №16 келісімшарт, 2025 жылғы 5 қаңтар).

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген: пандус, көтергіш құрылғы, екі жағында тұтқалары (жоғарғы және төменгі бөліктері жарақаттамау үшін дөңгеленген), кіреберіс пен баспалдақтарда тайғақ емес жабын, бірінші және соңғы баспалдақтарда контрастты бояу, санитарлық торапқа кіреберіс кеңейтілген, унитаз жанында арба қоятын орын, арнайы белгі, белгілі деңгейде орналасқан раковина мен оның маңындағы аймақ, таяқ пен балдаққа арналған әмбебап ұстағыш бар.

Мектепке дейінгі ұйымды жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз ету 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, орта, арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтау нормаларына сәйкес жүргізіледі.

Бөбекжай-бақша екі қабатты, үлгілік, жарық ғимарат. Орталық жылу жүйесі, су, кәріз жүйесі бар, санитарлық құрылғылар СанПин талаптарына сәйкес қанағаттанарлық жағдайда. Аумақ темір қоршаумен қоршалған, 3 есік, 3 қақпа бар.

Аумақ көгалдандырылған және абаттандырылған. Жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бекітілген верандалары бар ойын алаңдары бар. Балалардың қимыл белсенділігін дамыту және спорттық ойындар өткізу үшін доптар, кегли, секіргіштер, шығыршықтар, сақина лақтырғыштар сияқты спорттық құрал-жабдықтар жеткілікті. Ойын алаңдары гүлзарлармен, тәжірибелік бақпен көріктендірілген, ойын және спорт жабдықтарымен жабдықталған.

Әрбір жас ерекшелігіне сай топта балалардың ойын, қимыл, көркемдік, театрландырылған, құрылымдық, танымдық және өзге де әрекеттерін дербес, белсенді және мақсатты ұйымдастыруға жағдай жасалған. Бөбекжай-бақшада балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, олардың толыққанды дене дамуына қажетті барлық жағдайлар жасалған. Әр топта балалардың қимыл белсенділігіне арналған құрал-жабдықтар бар. Балаларды шынықтыруға арналған құралдар – массажерлер, қырлы тақтайшалар, түймелі төсеніштер және т.б. бар. Әрбір кабинет пен топқа интернет желісі тартылған.

Білім беру бағыттарын іске асыру және біріктіру мақсатында келесі кабинеттер мен бөлмелер бар:

Залдар: Музыка, спорт, хореография
Кабинеттер: Психолог, логопед, қазақ тілі, STEM кабинеті, Sand Art студиясы (шыны үстінде құммен сурет салу), робототехника, Лего студиясы, Мультстудия, Fasion студиясы, оқу залы, «Қыш өнері» кабинеті (қышпен жұмыс)

Орталықтар: «Ұлы дала қазынасы», мобильді кітапхана, М.Монтессори модульдері, оранжерея

Сатып алынған жабдықтар: LED экран, СРИ безендірілді, шахмат ойыны


2024–2025 оқу жылындағы «Нұр бала» балабақшасындағы балалардың дағдылары мен қабілеттерінің дамуын бақылау бойынша қорытынды мониторинг

Білім беру процесінің мониторингі білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін бақылау арқылы жүзеге асырылады. Баланың жан-жақты дамуы келесі бағыттар бойынша іске асты:

  • Физикалық даму;

  • Коммуникативтік дағдылардың дамуы;

  • Танымдық және зияткерлік дағдылардың дамуы;

  • Шығармашылық қабілеттері мен зерттеушілік әрекетінің дамуы.


Текст