«Ойын арқылы оқыту» –біздің тәжірибе
Мектепке дейінгі кезең-мектепке дайындық кезеңі, баланың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту кезеңі. Демек, балабақша тәрбиешілері баланың өміріндегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың рөліне көзқарасты ұйымдасқан оқу іс-әрекетінен оның жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әр баланың қабілетін барынша дамыту үшін жағдай жасауға өзгерткен. Тәрбиешілер баланың қызығушылығына байланысты жұмыс жасайды және оның күнін тәрбиеші алдын-ала жоспарланған іс-әрекеттерімен шектелмей, баланың таңдаған іс-әрекеттеріне сүйене отырып жасайды.Еңбек қызметі, тазалық, тәртіп, ұйымшылдық, балалардың ойлау қабілеті, қабылдау, сурет салу дағдыларын, бірлескен ойын дағдыларын және басқа дағдыларды игеру ойын түрінде шаршамай жүреді. Ойын-жетекші әрекет және балаларды дамытудың негізгі құралы.
Ойында баланың өзі әлі білмейтінін білуге тырысады, ойында құрдастарымен тікелей қарым-қатынас жасалады, адамгершілік қасиеттері дамиды. Тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыру кезінде педагогтарға мынадай қағидаттар бағдарланады: - оқыту ойын арқылы;
- балалардың іс-әрекетінің түрлерін интеграциялау арқылы балалардың дамуы (ойын,қозғалыс,танымдық,шығармашылық,зерттеу,еңбек,эксперимент,балалардың өзіндік қызметі,өзіне-өзі қызмет көрсету).