Текст
12.10.2026
https://drive.google.com/file/d/1hylJdHeSqyCMQ_vPDfygSbVyX4cjeo_e/view?usp=sharing
«Аналар мектебі» бағдарламасы аясында «Қөжектер» тобында «Таңқурай тосабы» атты қызықты шеберлік сабағы өтті. Тәрбиеленушілеріміздің бірі Есенияның анасы Ксения Константиновна Галинко бүлдіршіндерді осы бір көңілді әрі шығармашылық іс-шарамен таныстырды. Балалар шағын құтыларға таңқурай тосабын қуана салып, оларды әрлеп, ағаш қасықтармен толықтырды. Әр бала өз еңбегі мен қиялын қоса отырып, өзіндік ерекше құтысын жасап шығарды. Осы шығармашылық шеберлік сабағы және тобымыздың өміріне белсенді қатысқаны үшін Ксения Константиновнаға алғыс айтамыз!