Ата-аналарға кеңес.
"Біздің тұратын жеріміз және балаларымыз серуендейтін жерлер»
Өз Отанына, еліне, халқына деген құрмет пен сүйіспеншілік балалық шақта қалыптасады. Сіз қай қалада өмір сүрсеңіз де, туып-өскен жер әрқашан жүрегіңізге жақын жер болады. Әр қала өзінің тарихымен, дәстүрлерімен, ескерткіштерімен, өткенімен, адамдардың ерлігімен байланысты жерлерімен танымал. Сондықтан балаңызды туған қаласымен таныстырыңыз.Қаламен танысуды өздеріңіз тұратын көшеден бастаған жөн. Балаға оның көшесі қандай адамның немесе оқиғаның құрметіне аталған. Басқа көшелерден өтіп, олардың аттарын түсіндіріңіз. Айналасында салынған үйлер туралы сөйлесіңіз, ғимараттар жайында, қандай материалдан салынғаны жайында, ғимараттардың биіктігіне, балкондары мен басқа да әшекейлердің болуына назар аударыңыз. Мектепке дейінгі жаста бала мұның бәріне қызығушылық танытып, түсіндіргенді қабылдай алады. Сондай-ақ, балалармен дүкендер, дәріханалар, ауруханалар, пошта, шаштараздар мен аялдамалар туралы сөйлесуге болады.Ішіне кіріп, таныстырып,олар не үшін қызмет ететіні туралы сөйлесіңіз.
Балаңызға қызықты ғимараттарды, әдемі орындықтарды және ерекше шамдарды немесе балкондарды көрсетіңіз. Дүкен сөрелерін қарастырыңыз.
Бірақ серуендеу тек көңіл көтеру ғана емес, ол сондай-ақ танымды болуы керек. Баладан оның тұрған жерін сипаттауын сұраңыз. Бала сізге айналада не көргенін, не ұнағанын айтып берсін. Мұндай әңгімелер сіздің балаңыздың сөйлеуі мен ойлауын дамытады.
Балаңызға ағаштар, гүлдер, өсімдіктер қалай аталатынын айтыңыз. Баланың назарын балшыққа, ағындарға және шалшық суларға аударыңыз. Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атап өтіңіз. Жапырақтардың сарғайғаны-бұл жақында күз болатынын білдіреді. Қар еріп, шалшық сулар пайда болуы – көктемнің келгенін білдіреді.
Қалада серуендеп жүріп, балаға жол ережелерін үйретіңіз. Бағдаршам сигналдарымен, зебрадан өту ережелерімен таныстырыңыз. Мұқият және абай болуды үйретіңіз.
Баланың жасына қарай ескерткіштермен таныстырыңыз, жиі-жиі қалалық мұражайға және тақырыптық көрмелерге барыңыз. Олардың әрқайсысына бірнеше реттен келу керек. Өйткені, балаға бірінші реттен ақпараттың үлкен көлемін түсіну қиын. Жүріп, көріп, қаламызда керемет Жеңіс аллеясы бар екенін, онда көптеген ескерткіштердің барын,көрсетіңіз!
Біздің қалалық саябаққа балалармен ойнауға келуді ұмытпаңыз. Ойын-сауық, туған қаласы бойынша экскурсияның қызықты бір бөлігі бола алады. Өйткені, бала күні бойы көшелерді аралап,ескерткіштер мен ғимараттарды қарай беруден жалығуы мүмкін, сондықтан саябаққа бара жатып, айналаны бақылаған қызықтылау болады.
Серуендеу кезінде баланы суретке түсіруді ұмытпаңыз. Фотосуреттерді көріп отырып, балаңыздан қай жерлерде болғандарыңыз жайында сұраңыз. Бала не көргенін есіне түсіріп айтсын. Мұның бәрі баланың зейінін дамытады, сонымен қатар балалық шағы жақсы есте қалады.
Мектепке дейінгі балалық шақ - баланың ашылу кезеңі.
Кішкентай адам сіздің көмегіңізбен туған қаласының сұлулығын ашып, жаңа және белгісіз бір нәрсеге таңдансын.