06.08.2024
«Нұр бала» бөбекжайында «Балалардың қауіпсіздігі үлкендердің қолдарында» атты ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың басты мақсаты: балалардың өмір қауіпсіздігі мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру.
Жиналысқа қатысқан қонақтар:
1. Ақмола облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны
Карваев Данияр Мақсатұлы.
2. Көкшетау қаласы ТЖ басқармасының аға инженері
Жұмабаев Алишер Тлегенұлы.
3. Полиция лейтенанты Бекболатова Айғаным Галымовна.
Қонақтар ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі туралы ережелерді жік-жігін айырып түсіндіріп өтті. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ықтимал қауіптер туралы мысалдар келтірді, әсіресе көл жағасына барғанда мұқият болуларын тапсырды. Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі туралы жаднамалар таратты.