12.04.2024
«Нұр бала» бөбекжайы мен №13 "Экос" мектеп - гимназиясының арасындағы сабақтастық аясында № 2 "Ботақан",
№11 "Жұлдыз" мектепалды тобында №13 "Экос" мектеп - гимназиясының мұғалімдері Легенькова Любовь Владимировна мен Лысенко Татьяна Александровнаның шақыруымен ата-аналар жиналысы өтті. Мұғалімдер ата-аналарға балалардың мектепке дайындық критерийлері, баланы бірінші сыныпқа қабылдау ережелері туралы айтып, тренингтер, тест тапсырмаларын өткізді, сондай-ақ ата-аналарға балаларды мектеп өміріне дайындау және бейімдеу кезінде болашақ бірінші сынып оқушыларына көмек көрсету туралы ұсыныстар берді. Баланың даму картасына ерекше назар аударылып, осы құжатты жазу мен дайындаудағы негізгі ойлар талқыланды және келісілді.
Тәрбиешілер: Красникова Л.Н.Михалева В.В.