Жаңа жыл мерекесі - әлемдегі қуанышқа толы мерекелердің бірі. Жаңа жыл ғажайыпқа, сиқырға толы мереке болып саналады. Сондықтан Жаңа жыл мерекесін әсіресе, балалар асыға күтеді.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Нұр бала» бөбекжайында бүлдіршіндер үшін жаңа жылдық іс-шаралар өтізілді. Бөбекжайымыздың іші-сырты әдемі безендіріліп, музыка залында балаларға арналған сұлу шырша тұрғызылды. Барлық топтар Жаңа жыл мерекесіне жақсы дайындалып, ойын-сауық, ертеңгіліктерде Аяз ата, Ақшақар, шыршаға арналған тақпақ, әндерін айтып, би билеп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Ертегілер елінен әртүрлі кейіпкерлер қонаққа келіп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Аяз ата мен Ақшақар балаларға тәтті сыйлықтар таратып, балалар шат-шадыман болды.
Сондай-ақ, Жаңа жыл мерекесін ұйымдастырып, өткізуде ата-аналар белсене ат салысты. Биылғы жылы балалардың жаңа жылдық киімдері бірінен-бірі асқан ерекше әдемі, әсерлі болды. Мерекелік қойылымдарда ата-аналар кейіпкер болып, ертеңгіліктердің сәні болып, балалармен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлады.
Келе жатқан Жаңа жылымыз елімізге құт-береке әкеліп, жақсылыққа толы жыл болсын!