Көкшетау қаласының "Нұр бала" бөбекжайында «Волонтерлік» қызметті дамыту
Әлеуметтік өмірге бейімдеуге дайындаудың институты ретінде балабақшада еріктілер қозғалысын құру мәселесі өзекті болып табылады. Ал өмір тек академиялық білім ғана емес. Бұл белгілі бір өмірлік қасиеттердің дамуы:
* жауапкершілік;
* мейірімділік;
* дербестік;
* әр түрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынас жасай білу;
* жеке позитивтілік.
№1 Балбөбек тобының бүлдіршіндері "Шанс" кәмелетке толмаған тұлғаларды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығында болып, балаларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар, суреттерді сыйға тартты.
Үйсіз жануарларды қорғаудың әлеуметтік жобасы аясында № 2 "Ботақан" мектепалды тобында "Төрт аяқты досыңа көмектес"акциясы өткізілді. Бұл акцияның мақсаты: балалардың назарын осы мәселеге аудару, кіші достарымызға қамқорлық пен сүйіспеншілікті ояту. Әр бала өзін жақсылық тізбегінің буыны ретінде сезіне алды және осы адамгершілік іске қатыса алды!
№7 "Құлыншақ" тобының балалары кіші достарына арналған сәлемдемені жинап, жануарларды қорғау қорының еріктісі @fondation_zoo_perevedi_vzglyad арқылы Собол Светлана Алексеевнаға @lazarenko7185 тапсырды. Осындай игі істі ұйыдастырған педагогтер мен ата-аналар, балалар бұл шараны дәстүрге айналдырмақ.
Белсенді өмірлік ұстанымы бар рухани адамгершілік тұлғаны тәрбиелеу қымбат.