Балабақша және отбасы: өзара әрекет аспектілері
2020 жылдың 5 ақпанында №19 «Нұр бала» балабақшасының №2 "Ботақан"тобында "Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды дамуы"тақырыбында ата-аналармен кездесу болды. Жиналыстың мақсаты – «Заманауи логикалық математикалық ойындарды енгізу арқылы балалардың интеллектуалды қабілеттерін дамытуда ата-ананың құзіреттілігін арттыру». Тәрбиеші Михалева Вера Владимировна "Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды дамуы» тақырыбында баяндама жасап, балалармен жүргізілетін іс-тәжірибеден «Заманауй интеллектуалды ойындар» тақырыбында слайд көрсетті. Осы жиналыс барысында көптеген ата-аналар осындай дамытушы ойындар туралы бірінші рет естігендері туралы айтып, өздерінің назарына ұстады. Педагогтардың ұсынған ойындарын ата-аналар қызыға отырып, өздері балаша шын көңілдерімен орындады.Тәрбиеші Хорошева Ирина Александровна ата-аналарға балаларға арналған ойыншықтарды таңдап алуда ақыл-кеңес берді. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларды интеллектуалды бағытта дамыту үшін пайдасы тиетін ойыншықтарды таңдап алуға көмегін тигізетін жадынамалар таратылды. Бүгінгі отырыс ата-аналар үшін нәтижелі де,маңызды болды,олар балаларымен жұмыс жасап жатқан педагогтарға өз алғыстарын білдірді.
Әдіскер Рахимжанова А.К.