Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұр бала" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли- сад "Нұр бала" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зерттеу, тану және жаңалық

06.06.2023
Бала жаңа ақпаратты көріп, сезіп, естіп қана берік, әрі ұзақ уақытқа есінде сақтайды. 
Тәжірибе жасау,  әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеуге деген тұрақты ұмтылыс дәстүрлі түрде балалардың мінез-құлқының маңызды белгілері ретінде қарастырылады. Зерттеу, іздеу белсенділігі-баланың табиғи жағдайы, яғни ол әлемді тануға бейімделген, әрі барлығын білгісі келеді. Зерттеу, тану  және жаңалық ашу дегеніміз – белгісіздікті игеру, оған қадам жасау. Бұл балаларға ойлауға, іздеуге, тәжірибе жасауға, ең бастысы өз ойын білдіруге үлкен мүмкіндік береді. 
№ 11 "Жұлдыз" ересек тобында "Жас із кесушілер" күні өтті. Балалармен "Із кесуші деген кім?" тақырыбында әңгіме жүргіздік,  квест ойының ойнадық. Г. Скребицкийдің "Следопыты" әңгімесін оқыдық және эксперименттер жасадық. Үлкейткіштермен қаруланған балалар таза ауада өздерін қызықтырғанның бәрін зерттеді. Әсіресе шөптен табылған құрт-құмырсқаларды қарастырған ұнады. 
Тәрбиеші: Михалева Вера Владимировна.
Просмотров: 114


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст