Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұр бала" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли- сад "Нұр бала" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақшамен қоштасу

31.05.2023

Осыдан 3 жыл бұрын  балабақша табалдырығын алғаш рет аттаған тәп-тәтті бүлдіршіндеріміз білім ордамыздан тәлім-тәрбие алып, жан-жақты қалыптасудың алғашқы баспалдағынан өтіп, мектепке қадам баспақшы. Алғаш жаңа ортаға бейімделіп, тәрбиенің біраз сатыларынан өтіп,  жаңа достар тауып, қызықты да, көңілді күндерді  басынан кешірді. Тәрбиешілер жылы жүзбен қарсы алып, болашақ ұл-қыздарымыздың бойына  жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаңа мүкіндіктерді ашып, өнерге, білімге баулыды.  Әр үйдің еркесінің жүрегіне жол тауып, жаңа өмірге жетелей түсті.     Мамыр айының соңғы күндері бөбекжайымызда жас түлектерімізге арналған «Балабақшамен қоштасу» ертеңгіліктері өтті. Бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін, білімдерін көрсетіп қана қоймай, өздерінің балабақшаға деген алғыстарын білдіріп, қимастықпен өлең жолдарын арнады. Ал бөбекжай ұжымы кішкентай түлектерімізге сәт-сапар тілеп,  мерекелік көңіл-күй сыйлай білді. Сәт-сапар түлектер!

Просмотров: 105


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст