7 мамыр –Отан қорғаушылар күніне орай «Нұр бала» бөбекжайымызда салтанатты сап түзеу өтті. Мерекелік іс-шараға ересек және мектепалды даярлық топтарының бүлдіршіндері қатысты.
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні-маңызды мереке. Бұл күн бөбекжай балаларына батылдықтың не екенін айтуға, өз Отанына деген сүйіспеншілікті оятуға, патриоттарды тәрбиелеуге қолайлы себеп болды.
Отан қорғаушылар күні – бөбекжай тәрбиеленуші балалардың есінде болуы керек. Сондықтан тәрбиешілердің міндеті-қыздармен бірге топтағы ұл балаларды 7 мамыр-сарбаздар күнімен құттықтау.
Балабақшадағы 7 мамырға дайындық процесі топты керемет біріктіреді, балалардың шығармашылық қабілетін дамытады. Балабақшада бірқатар іс-шаралар өтті және солардың ішінде есте қалатыны ол «Сарбаз болам мен ертең» саптүзеу байқауы болды.
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.