Текст
1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі мен достық мерекесі, бұл қазақстандық патриотизмнің, елімізге, халқымызға деген адалдықтың белгісі.
1 мамыр – мерекесі қарсаңында ересек және мектепалды топтарында "Достығымыз жарасқан" атты фестиваль өтті. Балалар ән айтты, би биледі, жұмбақтар шешті, ойындарға қатысты. Балалар би конкурсына қуана қатысты. Барлығы мерекеден керемет көңіл-күй алды.
Баршаңызды келе жатқан мерекемен Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Мереке сіздерге бақыт, денсаулық және көктемнің жақсы көңіл-күйін әкелсін.