Текст
Ақмола облысында цифрландыру және архивтер басқармасының «Smart Aqmola» КММ –сі негізінде тәулік бойы жұмыс істейтін «iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда, қызмет ТКШ саласындағы өтініштермен айналысатын бірыңғай орталық ретінде жұмыс істейді. 2023 жылғы қаңтардан бастап Ақмола облысының азаматтарынан Әлеуметтік сала және мемлекеттік қызметтер бағытында келіп түсетін өтініштерді, шағымдар мен ұсыныстарды қабылдау бойынша міндеттер қосылып ұлғайтылды.