12.04.2023
Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарының жас педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында "Нұр бала" бөбекжайында "Өрлеу" КДИ "Жастарға кәсіби мамандар көмегі" тақырыбында көшпелі тәжірибелік семинары өтті.
Ол "Нұр бала" бөбекжайындағы өмірдің қаншалықты қызықты және бай екенін толық көрсетті. Семинарды бөбекжай меңгерушісі Айжарыкова А.Ж. ашты және қатысушыларды іс-шараның жұмыс жоспарымен таныстырды. Семинар барысында педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу жұмысының тиімді нысандарын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Семинарға қатысушылар мектепалды даярлық топтарының бүлдіршіндері дайындаған "Заяц-портной", "Мақта қыз бен мысық" театрлық қойылымдарын және "Қазақ тілі" мен "Дене шынықтыру" интеграцияланған ұйымдастырылған іс-әрекетін тамашалады.
Тәжірибелік семинар педагог-психолог ұйымдастырған тренингпен, "Болжау ағашы", "Плюс, минус, қызықты" заманауи технологияларды қолдану бойынша шеберлік сыныптарымен жалғасты. Әрі қарай семинар барысында әдіскер мен логопед-мұғалім өз бағыттары бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қорытындылаумен және пікір алмасумен аяқталды. Іс-шара барлығына пайдалы өтті.