Театрландырылған іс-әрекет процесінде балаларда зейін, сөйлеу, шығармашылық қабілеттер дамиды. Өйткені, белгілі бір кейіпкерді елестете отырып, бала дауыстың тембрі мен интонациясын ғана емес, сонымен қатар мимика, пластикалық қозғалыстар арқылы өз кейіпкерін көрсетуі керек. Бұл ритмиканың, музыкалық есту қабілетінің дамуына ықпал етеді. Барлық балалар әртістер тәрізді. Әркімнің белгілі бір әртістік қабілеттері бар.
Сондықтан біздің міндетіміз-балалардың туылған кездегі шығармашылық қабілеттерін ашу, қолдау және дамыту, сонымен қатар театр шығармашылығына деген қызығушылықтарын, бірлесіп ынтымақты әрекет ету қабілеттерін, балаларда еркіндік сезімін, өзіне деген сенімділікті, ұялшақтық сезімдерін жеңе білулерін дамыту.
Біздің балабақшада барлық балалар нағыз әртістер, әр ертеңгілік - бұл кішкентай театрландырылған қойылым, онда барлық кейіпкерлер балалар. Міне, қазір, жыл сайын наурыз айының соңында балабақшада өтетін театр апталығы аясында әр топ өз театрландырылған қойылымын дайындап, көрермендерге ұсынды. Ортаңғы топтардың балалары өздерінің шығармашылық қабілеттерін «Үйшік», «Бауырсақ», «Қоянның үйшігі» атты театрлық қойылымдарында ашты.
Ересек және мектепалды дайындық топтары көрермендердің назарына "Тяпа үруді қалай үйренді", "Мақта қызбен мысық", "Тігінші қоян", "Жыл басына таласқан хайуанаттар "атты тамаша қойылымдарды ұсынды.
Театр апталығы балаларды ғана емес, олардың ата-аналарын да біртұтас ұжымға біріктірді. Олар балаларымен бірге қойылымдарға костюмдер мен атрибуттар жасап, дайындық сәттеріне қатысты. Бүкіл театр апталығы әдеттегідей жоғары деңгейде өтті, ду қол шапалақтау және "браво" деген қошаметтер болды.
Бөбекжайда өтілген «Театр апталығын" қорытындылай келе, театр балалардың ішкі сезімдерін түсіну үшін қарым – қатынас жасаудың ең жақсы құралы деп айтқымыз келеді. «Театр апталығы» -бұл қуанышқа, күлімсіреуге және жақсы көңіл-күйге толы мереке. Барлығы сұлулықпен кездесуден үлкен рахат алды!