№2 «Ботақан» тобында ата-аналар мен балаларға арналған "Біз біргеміз"ойын тренингі өтті.
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты үйлестіру.
Міндеттері:
• балалар мен ата-аналардың ортақ мүдделері, эмоционалды өзара қолдауы атмосферасын құру;
• бірлескен қызметті ұйымдастыру кезінде ата-аналар мен балалардың оң қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
• өз іс-әрекеттерін түсіну, өзіне сырттан қарау қабілетін дамыту.
Тренинг барысында біз бірнеше ойындар мен жаттығулар өткіздік:
Жаттығу: «Кокон»
Ойын: «Жолсерік»
Тапсырма « Сұрақ толы себет»
Біздің топ ұжымын дамыту принциптері:
1. Біздің отбасымыздың әлемін таза ойлармен, жылы сөздермен және жақсы істермен нығайту.
2. Әрқашан мейірімді болыңыз. Достық-сіздің денсаулығыңыздың негізі.
3. Өмір сүру оңай, қарапайым және қуанышты. Барлығының жағымды жақтарын көру.
4. Мейірімді және адал болу. Есіңізде болсын, сіз жасаған жақсылық әрқашан сізге қайта-қайта оралады.
5. Әрқашан тепе-теңдікте болу, жағымсыз эмоцияларды тежеу.
6. Жанжалды жағдайлар туғызбау.
7. Жанжалды жағдайлардан абыроймен және әзілмен шығу.
8. Баланы сол қалпында сүю.
9. Әр баланы «тұлға» ретінде құрметтеу.
10. Бала сізбен сөйлескенде, оны мұқият тыңдаңыз. Мақтауда сараңдық танытпаңыз.
11. Баланың кемшіліктерін емес, оның даму динамикасын байқауды үйреніңіз.
12. Оң эмоционалды атмосфераны құра отырып, мадақтауды, жігерлендіруді біліңіз.
Тәрбиеші: Кукарских В.А. Аманова В.А.