"Нұр бала" бөбекжай бақшасында педагогтарға арналған семинар-практикум өтті, оның тақырыбы: "Бейнелеу өнері бойынша білім беру қызметінде ОТТШМ әдістерін қолдану".
Өзектілігі: нақты фактілерді игеруге негізделген тәрбиені меңгеру ескірді, ал олардың көлемі шексіздікке ұмтылады.
Жаңашылдығы: 21 ғасырдағы білім беру жүйесіндегі ең бастысы- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізі - ойлауды дамыту. ОТТШМ технологиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жүйелі түрде, болып жатқан процестерді түсініп ойлауға үйретуге мүмкіндік береді. Педагог балаларға дайын білім бермеуі керек, керісінше оларды сол білімді табуға бағыттауы керек.
Әдіскер Накенова Дамеш Мұратқызы семинар барысында педагогтарды ОТТШМ –ның бірқатар әдістерімен таныстырды, олардың көмегімен өткізген ҰІӘ міндетті түрде өте қызықты, танымды және нәтижелі болатынын түсіндіріп өтті.
Әсіресе есте қаларлықтай әдіс-тәсілдер: антропоморфизм (табиғи нысандарды жандандыру), мынау неге ұқсайды (геометриялық пішіндер, сия дағы, сиқырлы сызықтар, нүктелер жүрісі, алақан ізі), сонымен қатар өзіңнің жазған әріптерің, қарама қарсы жақтары, қолданған техника мен материалдың сабақтасып қосылуы, бір нысан- бірақ материалдар әр түрлі, бір нәрседен екінші нәрсе шығару, немесе басқа сиқырлы зат ойлап табу және тағы сол сияқтылар.
Біздің бөбекжай бақшамыздың педагогтары семинарға үлкен қызығушылықпен және белсенділікпен қатысты, осы семинардан қаншама позитивті көңіл-күй алды.