"Нұр бала" бөбекжайының қызметкерлері балаларға Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау мақсатында желтоқсанның 21-29 күндері аралығында жаңа жылға арналған ойын-сауық, көрме, ертеңгіліктер өткізді. Биылғы жылы бөбекжайымыздың музыка залы жаңа жыл мерекесіне орай ерекше безендірілді. Барлық топтар мерекеге жақсы дайындалған. Бүлдіршіндер сағына күткен Аяз атаға тақпақтарын айтып, әндерін шырқап, шырша жанында билерін биледі. Осы күндері бөбекжайымызда ертегілер елінің кейіпкерлерін көріп, балалар, ата-аналар ертегі әлемінде жүргендей сезімде болды. Балалар Аяз атадан сыйлықтарын алып, онымен суретке түсіп, қуанып қалды. Сондай-ақ, ата-аналарымыз да жақсы ат салысты. Балалардың жаңа жылдық киімдері бірінен-бірі өткен, өте әдемі болды. Ата-аталарымыз ертегі кейіпкерлері болып, ертеңгіліктерге қатысты. Бүлдіршіндеріміздің жүзіндегі күлкіні, қуанышты көруге не жетсін! Жаңа жыл меркесін өткізуге ат салысқан барлық ата-аналарға, бөбекжай қызметкерлеріне алғыс айтамыз! Жаңа жылымыз берекелі, мерекелі жыл болсын!