Фестиваль
«Тұғыры биік-Тәуелсіз Қазақстан»
2019 жылдың 11 желтоқсанында №19 «Нұр бала» балабақшасында ересектер тобының арасында «Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» атты фестиваль өтті.
Мерекенің мақсаты балаларға патриоттық тәрбие бере отырып, Отанын сыйлауға
тәрбиелеу; қазақ халқының мұрасы мен мәдениетіне деген қызығушылығын
арттыру болатын.
Мереке Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен басталды.
«Тәуелсіздік» - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке ғой, себебі осынау қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Ұйымдастырушы педагогтар мереке барысында: балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар,сондықтан өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармайық деген сөздерді айтып балаларға жігер берді. Мерекеге қыран құс келіп, балалардың өз елі туралы білімдерін сынады,оған балалар тақпақтарымен, әндерімен, ұлдар «Батырлар», қыздар «Айгөлек» билерімен жауап беріп,мерекені қыздырды. Бүгінгі мереке біздің балаларға өз еліне,салт-дәстүріне деген адамгершілік – патриоттық сезім тәрбиелеп, қалыптастырды.