2022 жылы 18 қараша күні «Нұр бала» бөбекжайында МДҰ-дың мектепалды топтарының тәрбиешілеріне арналған әдістемелік оқыту семинар-практикумы өтті. Бұл семинардың басты мақсаты: МДҰ тәрбиешілерінің жаңартылған бағдарлама аясында іс-тәжірибелерімен бөлісу және алмасу болды. Семинар барысында қатысушылар №1,№5,№6 мектепалды топтарының кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттерін топ тәрбиешілері әр түрлі инновациялық технологияларды қолданып, түрлі бағытта өткізгендерін тәжірибе жүзінде көріп танысты, сонымен қатар дамытушы орталықтармен танысты. Қатысушылардың маңызды бір сұрақтары, ол перспективкалық жоспар мен циклограмма жазу болатын.Осы сұрақ төңірегінде бөбекжай әдіскері Накенова Д.М. өз бөбекжайының перспектикалық жоспарының құрылымымен және циклограмманың мазмұнымен таныстырып, кеңес беріп, қатысушылардың сұрақтары төңірегінде ұсыныстар берді. Семинар қорытындысында қатысушы педагогтар өздерінің жағымды пікірлерін,тілектерін ауызша және жазбаша түрінде білдірді. «Нұр бала» бөбекжайының педагог қызметкерлері семинарда ұсынылған әдістемелік материалдар мектепке дейінгі тәрбиешілерге балалармен жұмыс істеуге көмектеседі, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа идеялар мен тәсілдерді іздеуге ықпал етеді деп үміттенеді.