07.11.2022
Балабақшада әдіскері Накенова Д.М. педагогикалық ұжыммен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың іргелі көзқарасын, мақсатын, міндеттерін, құндылықтары мен принциптерін - "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделін" айқындайтын тұжырымдамалық құжатты талқылады .
Балабақша педагогтарына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі көзқарасы, мақсаттары мен міндеттері, құндылықтары , мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогикалық қызметкерлері қызметінің негізгі принциптері ұсынылды.
Кері байланыс барысында әдіскер педагогтардың барлық сұрақтарына жауап берді.