15.10.2022
Дамуында күрделі бұзылулары бар балаларға арналған топта.
Түзету жұмыстарында біз қолмен сипап көру және ұсақ моториканы дамыту жаттығуларының барлық жиынтығын қолданамыз. Осындай әдістердің бірі - "Золушка" ойыны зағип балалардың қолмен түртіп,сипап көру дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл болашақта балаға Брайль шрифтін жазуды және оқуды меңгеруге көмектеседі. Бұл жағдайда біз бұршақ пен өрік сүйегін қолданамыз. Бірақ кішкене жармаларды қолдану арқылы жаттығуларды біртіндеп қиындатуға болады.
Тифлопедагог: Салыкова З.Х.