Текст
Ақпаратты берудің заманауи технологиялары бізге, педагогтарға білім беру саласында жаңа мүмкіндіктер ашады. Балалардың білім әлеміне енуі мектепке дейінгі жастан басталады. Ұйымдастырушылық қызмет барысында № 6 "Көжектер" мектепалды тобының балаларымен біз АКТ технологияларын белсенді қолданамыз,бұл оқыту процесін қызықты әрі тиімді етеді. Әр бала сауат ашу негіздері бойынша әртүрлі танымдық ойындары бар планшетті пайдаланады. Сонымен қатар біз интерактивті тақтамен де, жұмыс істейміз, балалар ойын түрінде қажетті білім алады, ал оқу процесі болашақ бірінші сынып оқушылары үшін қызықты болады.