№6 "Көжектер" мектепалды тобында биылғы оқу жылындағы "Жақында мектепке барамыз"тақырыбында алғашқы ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды жаңа оқу жылына арналған мектепке дейінгі ұйымның міндеттерімен, балалардың жас ерекшеліктерімен таныстыру, ата-аналарды білім беру процесіне тарту.
Педагог- психолог Г. Г. Кенебаева алғы сөзінде ата-аналарды балалардың мектепке психологиялық дайындығы туралы таныстырып, айтып берді .
Сондай-ақ, бала нақ осы жаста жауап бере алатын сұрақтардың тізімін белгіледі.
Одан әрі тәрбиеші Л. Н. Красникова сөз алып, ата-аналарға білім беру процесінің барысы туралы айтып берді, күн тәртібімен және білім беру қызметінің кестесімен таныстырды.
Ата-аналарға іскерлік ойын ойнауға және бірінші сынып оқушысы бар әр отбасының өміріндегі ең көп кездесетін жағдайларды көрсету ұсынылды.
Ата-аналар бұл процеске қызығушылықпен қатысты. Жұпқа бөлінген ата-аналардың бірі бала рөлінде, екіншісі ата-ана рөлінде болды. Жиналыс соңында ата-аналарға "Педагогика для всех" кітабынан Саймон Соловейчиктің дана кеңестерімен жадынамалар тапсырылды.