Текст
Біздің балабақшамыз 1 қыркүйек күні Білім күнін атап өтті! Білім күні – ерекше мереке! Ата-аналарымен әбден қыдырған, ұзақ уақыт демалыста болған балалар, жазғы ойын-сауықтарынан кейін тәрбиешілерімен және достарымен балабақша қабырғасында қайта жүздесіп отыр. Енді олардың өмірінде қоршаған ортамен танысуға, көп нәрсені үйренуге, өздерін танып-білуге мүмкіндік беретін ойын- сабақтар, әңгімелесулер, мерекелік іс-шараларға толы жаңа кезең басталады.
Бүгінгі мереке барысында тәрбиеленуші балапандарымыздың көңіл-күйлері өте жоғары болды: ән-жырлар айтылды, ойындар ойналды және бәрінің бірге жиналып өткізген флешмобтары өте әсерлі болды.