Текст
«Алтын күз» мерекесі балалар үшін шаттық пен қуанышқа толы мереке болды. Күз мезгілі суық, жаңбырлы болғанымен, біздің балалар алтын-сары жапырақтардың сыбдырын әнге, қолдарына қолшатыр ұстап, күзгі жаңбырды биге қосып, күз байлығын өлеңмен жырлап, «Күз ханшайымымен» жұмбақтар шешіп, ата-аналармен колдан күзгі бұйымдар жасап, «аңдармен» ойын ойнап, оларға қысқы азық жинауға көмектесті. «Алтын күз» мерекесі біздің балабақша бүлдіршіндеріне жақсы естелік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.