Текст
Мақсаты: "жобалау әдісі" -технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүйесін құру.
Білім беру процесінің барлық компоненттерін жаңарту,қарқынды жаңғырту педагогтарды балабақшада білім беруді ұйымдастыруда инновацияны қолдауға бағыттайды, оның қажеттілігін түсіне отырып,педагогикалық жаңалықты қабылдауды талап етеді. Мектепке дейінгі мекемеде қазіргі заманға сай білім беру жүйесі инновациялық процеске,әдіс-тәсілдері, жүзеге асыру формасы бойынша тартылған.Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің жаңартылған бағдарламасы педагогтардан сапалы білімді,баланың тұлғалық дамуына қажетті жағдай жасауды қажет етеді.