Текст
Бүгін балабақшамызда «Қала бойымен серуендеген түлкі» спорттық ойын-сауық өтті. #№2 «Ботақан» тобы мен #№7 «Құлыншақ» тобының балаларына жол полициясының инспекторы және түлкі қонаққа келді. Ересек топтың балалары инспектормен бірге түлкіге және кіші балаларға жол бойында өзін қалай ұстау керектігін түсіндірді. «Автобус», «Қызыл, сары, жасыл», «Көңілді көліктер» ойынын ойнадық. Ойын-сауығымыздың мақсаты: Бағдаршамның түрлі-түсті сигналдарының мағыналарын бекіту, жол белгілерін ажырата білу, байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту. Тәрбиешілер: Кукарских В.А., Сафронова Т.В.