Жаз мезгілі -жанға жайлы кезең,әсіресе балалар үшін.Бізге де,тәрбиеленуші балапандарымыздың жазда күш жинап,күзде-қыста ауырмағанын тілейміз.Сондықтан жазғы сауықтыру жоспары бойынша балалар күнделікті көп уақыттарын таза ауада өткізеді: денешыныктырудан ойын-сауықтар жүйелі түрде серуен ұйымдастырылады. Балаларды таңертең қабылдау және жаттығу далада өткізіледі.Күнделікті таза ауада серуенде әр түрлі шыныктыру шаралары: ауа және күнге қыздыру ванналары, құмда және денсаулық жолдарында жалаң аяқ жүру.Құмда жалаң аяқ жүру, табанды уқалау әдісі тәрізді оң әсерін береді.Жалаң аяқ жүруді аяқты сумен шаюмен алмастыра отырудың өзі аяққа күш береді, саулық береді. Біздің балалар үшін құм терапиясы жаз мезгілінде көмекші әдіс болып табылады, яғни қумды қолға ұстап төгу,себудің өзі жанға быру тиыштық береді ғой. Жаз-балалар үшін көп қыздыратын,ойнайтын,секіретін мезгілдің бірі. Сондықтан біз балалардың таза ауада еркін белсенді қозғалуына,ойнауына жағымды жасауға тырыстық.Балабақшада балалар ағзасын қажетті дәрумендер; жемістер,шырындар беріліп отырады. Осылай балабақшада жазғы-сауықтыру жұмысы жүйелі түрде өте қызықты өтуде!