Ауа райы жаңбырлы күні біз №7 "Құлыншақ ортаңғы тобының балаларымен бірге далада жылтыр пленканы іліп дәстүрден тыс сурет салуды ұйғардық. Бұлай сурет салу балаларға өте ұнады, біреулері жай ғана бояуларды араластырып пленкаға жақты, содан айшықты бояу шыққанына өздері мәз болды, сол сияқты күннің көзін, шөптің суретін шамаларына қарай салды. Дайын суреттерді жапсырды. Барлығы бірігіп жасаған коллаждары өте жақсы болып шықты. Балаларға сурет салудың бұндай әдісі барлығына ұнады, қызығушылықтары артқаны сол, ешқайсысы да жұмысты тоқтатқылары келмеді, бірақ өкінішке орай, жаңбыр басталды да, топқа кіруге тура келді.
Жалпы дәстүрден тыс сурет салу балалардың еркін ойлау, есте сақтау, қолдың ұсақ моторикасы, эстетикалық сезімдерін дамытады. Сурет салудың бұндай әдісі топта жайлы атмосфера тудырады, балалар топ болып жұмыс жасауды үйренеді. Бүгінгі «денсаулық-зор байлық» күніне байланысты салынған сурет балалар үшін де, мен үшін де нағыз «шедевр» болды.
Балалар бүгін уақытын көңілді және пайдалы өткізді. Біз сіздерге осы техниканы қолдануға кеңес береміз, процесс сізді қалай қызықтыратынын көресіздер .
Воспитатель Хорошева И.А.