Текст
№ 6 "Көжектер" тобында ата-аналар мен балаларға арналған "Сиқырлы фетр" шығармашылық байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты-балалар мен ата-аналардың сюжеттік ойындарға деген қызығушылығын арттыру және фетрдан сюжеттік ойындарға атрибуттар жасау. Фетрден жасалған дидактикалық ойындар-бұл балалар үшін керемет даму ортасы. Оларды ойнау арқылы баланың ой- қиялы, ойлауы, түс сезімін қабылдауы және саусақтардың ұсақ моторикасы дамиды. Ата-аналар балалармен бірге дамытушы кітапшаларын, фетрдан дидактикалық ойындар, қуыршақ театрын жасады. Барлық байқауға қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тәрбиешілер: Красникова Л.Н., Левшевич Е.В.