26.11.2021
Балалардың сүйікті ойындарының бірі-құрастыру, яғни жеке бөлшектерден тұтас нәрсе жасау: мысалы, үйлер, машиналар, көпірлер... Бұл ойын қызықты ғана емес, сонымен қатар өте пайдалы. Балабақшаның әр жас ерекшеліктеріне байланысты топтарда "Үздік конструктор"шығармашылық байқауы өткізілді.
Топтардың ата-аналары мен балаларына үй жағдайында құрылыс материалын таңдаумен шектелмей, кез келген сюжеттік құрылысты орындау ұсынылды.
Бұл байқаудың мақсаты- ата-аналарды үйде балалармен бірлескен жобалық іс-шараларға тарту. Топтардың ата-аналары ұсынылған байқауға белсенді үн қосты. Балалармен бірге түрлі ғимараттар құрастырды.
Мұндай іс-шаралар балалар, ата-аналар мен педагогтар арасында ынтымақты достық қарым-қатынас атмосферасын орнатады. Осындай бірлескен ынтымақты шығармашылық қызмет балалар мен ата-аналарды одан сайын жақындатады, баланың ішкі әлемін байытады, оның ішкі қабілеттерін ашады. Байқау қорытындысы бойынша белсенді отбасына грамоталар табыс етілді. Балабақша тәрбиешілері ата-аналарға осы байқауға қатысқаны үшін, шығармашылық белсенділігі мен тапқырлығы үшін үлкен алғыс білдірді!