2021 жылдың 19 қарашасында «Нұр бала» балабақшасында мектепалды топ тәрбиеленушілері арасында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты: балалардың өлеңді мәнерлеп оқу шеберлігін анықтау және ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында өзін еркін ұстауға , яғни сахна мәдениетіне баулу.
Байқауға әр топтан 11 бала қатысты.
Байқауға қатысушы балалар Ыбырай аталарының өлеңдерін жатқа мәнерлеп жеткізуге тырысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:
I - ші орынды №4 «Балдырған» тобының тәрбиеленушісі Кажибаева Айзере иеленді;
II - ші орынды иеленгендер: Төлеген Мейірім, №4 «Балдырған», Адилбек Алихан, №12 «Күншуақ» топтарының тәрбиеленушілері;
III - ші орынды иеленгендер: Сүйін Айзере, №5 «Гүлдер», Садвакасова Айлина, №1 «Балбөбек», Орынбай Алдияр, №4 «Балдырған» топтарының тәрбиеленушілері.
Қатысушы балалардың ішінен №6 «Көжектер» тобының тәрбиеленушісі Гришина Дарьяны бөлек атап кетуге болады, қазылар алқасының шешімімен оған «Тіл шебері» деген номинация берілді. Өйткені, Дарьяның қазақ тіліне деген қызығушылығы өлең оқығанынан - ақ білініп тұрды.
Байқауға қатысқаны үшін грамоталарымен: Кавказ Ербатыр, Султанова Карина №11 «Жұлдыз», Умирбекова Ясмин, №1 «Балбөбек», Каби Нұрай, №12 «Күншуақ» топтарының балалары марапатталды.
Байқауға қатысқан балалар үшін бұл байқаудың тәрбиелік мәні зор болды.
Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінен мәнерлеп оқу байқауының жүлдегерлерін, номинация иесін және жалпы қатысушыларды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!