Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұр бала" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли- сад "Нұр бала" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ізгі сөздер мен тілектер

10.11.2021

2021 жылы  09  қараша күні № 11 "Жұлдыз" тобында балалар және ата-аналарымен бірге  ізгі сөздер мен тілектер сағаты өтті.                                    Бұл іс – шараның мақсаты: балалар мен ата-аналарда мейірімділік, сыпайылық-ішкі жанның көрінісі деген түсінік қалыптастыру үшін әлеуметтік жағдай жасау.

Осы онлайн-кездесу барысында балалар мен ата-аналар күн сайын қандай сыпайы сөздерді қолданатындарын айтып, "Сөзді аяқта" дидактикалық ойынын ойнады, мейірімділік  деген ұғым бойынша өз пікірлерін білдірді. «Істеген ісіңе баға бер» атты дидактикалық ойынды қызығушылықпен ойнап,  сол ойын барысында балалар әлеуметтік мінез-құлық нормаларын бекітіп,  біздің кішкентай бауырларымызға қалай қамқорлық жасау керектігін қайталады. Сондай-ақ, олар өздерінің жақын адамдары мен үй жануарларына қалай қамқорлық жасайтындығы, адамдар бір-біріне қалай жақсылық жасайтыны туралы айтты.

Біздің кездесуіміздің нәтижесінде балалар мен ата-аналар болып жатқан оқиғалардан қуаныш сезімін алу, адамдарға жақсылық пен әлемнің сұлулығын сыйлау, сондай-ақ бір-бірін түсіну және кез-келген жағдайда қолдау көрсету қаншалықты жақсы екеніне тағы да көз жеткізді!

Просмотров: 165


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст