Текст
2021 жылғы 8 қараша күні педагогтармен "Мектепке дейінгі ұйымдардағы сабақтардың түрлері мен құрылымы" тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Мақсаты:
-педагогтардың сабақ құрылымы, олардың жіктелуі және ерекшеліктері туралы білімдерін жүйелеу;
- педагогтардың кәсіби деңгейін, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Семинар барысында сабақтардың құрылымы, сабақ түрлері, ҰОҚ талдау қаралды . Семинар-практикумның қорытындысы бойынша оқыту сапасын арттыру, сабақтарды дайындау және өткізу кезінде оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді.