«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұр бала" бөбекжайы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад "Нұр бала» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Театр+Музыка"

23.04.2026

2026 жылдың 23-ші сәуір күні «Нұр бала» бөбекжайында Көкшетау қаласының мектепке дейінгі ұйымдары эстетикалық цикл мамандарының қатысумен «Балабақшадағы театр қызметі» атты тақырыпта қалалық семинар өткізілді.

«Нұр бала» бөбекжайының  педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, «Көктем кереметі» мюзиклін, «Балабақшадағы театр қызметі» атты шеберлік сыныбын, «Орманды сақтаңыз» тақырыбында шағын қойылымын көрсетті.  

Семинарға қатысушылар «Балалықтың мекені» болған бөбекжайды аралап, экскурсия жасады, бөбекжайдың тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, «Менің болашақ мамандығым» атты тақырыпта кіріктірілген және және «Бауырсақ» ертегісі желісінде  ұйымдастырылған іс-әрекетті  тамашалады.

Семинарға қатысушылар  балалардың дайындығының жоғары деңгейін, музыкалық жетекшілері А.М. Рсаева мен А.Ж. Асхатованың шығармашылық шеберлігін, сондай-ақ тәрбиешілер мен хореографтың үйлесімді жұмысын атап өтті. Семинар кәсіби өсудің нағыз алаңына айналды - жанды, мазмұнды, шығармашылыққа  толы болды.

Барлық семинар қатысушыларына жылы атмосфера, озық идеялар және кері байланыс үшін алғыс айтамыз.

Просмотров: 1445


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст