02.03.2026
Құзыреттілік орталығы іс –әрекет үстінде: теориядан тәжірибеге!
2026 жылғы 27 ақпанда «Қуаныш» бөбекжай –балабақшасының базасында «Өсу нүктелері» педагогтарына арналған
«Теориядан тәжірибеге: мектеп жасына дейінгі балаларда сыни ойлауды дамыту тәсілдерін енгізу» тақырыбында семинар өтті.
Еске сала кетсек , біздің «Нұр бала» бөбекжайы — Құзыреттілік орталығы болып табылады. Орталықтың әдістемелік жетекшілігімен жыл бойы 6 «Өсу нүктесінің» педагогтары сыни ойлауды дамытудың теориялық негіздерін жүйелі түрде меңгеріп келді.
Бүгін — маңызды кезең, яғни тәжірибе мен кері байланыс уақыты келді!
Құзыреттілік орталығының әдіскері Накенова Д.М., сондай-ақ «Өсу нүктелерінің» педагогтары семинарға төмендегі мақсаттармен қатысты:
- сыни ойлау тәсілдерінің күнделікті оқу іс-әрекетіне және режимдік сәттерге кіріктірілуін бақылау;
- кәсіби тәжірибе алмасу, ашық пікірталас жүргізу;
- сапалы әрі сындарлы кері байланыс алу.
Нәтижесі:
жанды қарым-қатынас, ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, тың идеялар легі және кәсіби дамуға жаңа серпін!
Біздің «Өсу нүктелерінің» қарқынды дамып келе жатқанына қуаныштымыз.
Бірлік бар жерде — нәтиже бар!
Белсенділік танытып, үздіксіз дамуға ұмтылған әріптестерімізге алғыс білдіреміз!
Бірлесе отырып, біз мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттырамыз!