"Бақытты бала-бақытты ел" республикалық акциясын өткізу концепциясы аясында №6 "Көжектер" тобында ата-аналарымен бірге "Сәбидің тілімен" атты қызықты викторина өтті. Викторинаға екі команда: балалар командасы және ата-аналар командасы қатысты. Әр команда өз атауы мен ұранын белгіледі. Жоспар бойынша командалар бірнеше конкурстан өтуі керек . Аналар мен балалар өлең оқыды, мейірімді ерекелетін сөздер айтты ; аналар балаларға, ал балалар аналарға, балалар аналарының қайда жұмыс істейтінін пантоним түрінде көрсетуге тырысты, ал аналар оларды болжап,кім туралы екенін табуға тырысты. Сондай-ақ, олар аналардың аспаздық таланттары туралы және балалардың ас үйде оларға қалай көмектесетіні туралы айтып,сүйікті тағамдарын атады. Викторина қызықты өтті.
Ата-аналар мен балалар көптеген жағымды эмоциялар алды