Текст
27.01.2026
КМҚ «Малик Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының» бастауыш сынып мұғалімі Макпал Калиқанқызы Досмағанбетова болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған дамытушы сабақтар циклін өткізді.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу үдерісінің тарауаралық үйлестігі жоспары аясында мұғалім «Гүлдер» және «Балбөбек» мектепке дайындық топтарының тәрбиеленушілерімен қызықты кездесулер ұйымдастырды. Балаларға математиканы ойын арқылы үйрету, сауат ашу және қоршаған әлеммен танысуға арналған танымдық сағаттар дайындалды.
Бұл іс-шаралар мектеп жасына дейінгі балалардың жаңа оқу ортасына жұмсақ және тиімді бейімделуіне, білімге деген қызығушылықтарын арттыруға және мектепте табысты бастау үшін қажетті маңызды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.