«Нұр бала» балабақшасының ашылған күнінен бастап келіп жүрген балалардың алғашқы балабақшамен қоштасу ертеңгіліктері өтті. Бұл балабақша тарихындағы алғашқы түлектеріміз.
Бұл күні көптеген жағымды эмоциялар; күлкі де, көз жас та, құттықтаулар да болды! Балапандарымыз мерекеде сондай керемет, ашық және шынайы болды!
Әр тәрбиеші өздерінің кішкентай тәрбиеленушілерінің ең жақсы болғанын қалайды: озат оқушылар, зерттеушілер, шеберлер және көмекшілер.
Олар барлық балаларды және бүкіл балабақша ұжымын өмірдегі маңызды кезеңнің табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтады!
Мерекелік кешке барлық балалар сондай талғампаздықпен әдемі киінген!
Мерекелік атмосфера да, керемет болды жанға жағымды, әсерлі және де бір қимастық сезім де болды.
Іс-шара соңында балалар өздерінің тәрбиешілеріне олардың еңбегі мен тамаша қарым-қатынасы үшін алғыс білдірді!
Құрметті біздің түлектер, сіздерге мектеп табалдырығын аттауға сәттілік тілейміз!
Естеріңде болсын, біздің есігіміз сіздер үшін әрқашан ашық!