08.10.2025
«Нұр бала» бөбекжайының әдіскері Накенова Д.М. педагогтарға арнап «STEM-табиғат зертханасы: қарапайым тәжірибелер, бақылаулар және мектепке дейінгі балаларға арналған жобалар» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Бұл – шабыт пен идеяларға толы 2 сағаттық тәжірибелік кездесу болды!
Не істелді: балабақшадағы STEM бағытының рөлі талқыланды, қарапайым тәжірибелер мен бақылаулар пысықталып өтті, педагогтар командалық жұмыс түрінде жобалық қызмет жоспарлап,презентациясын жасады. ( жобалар: «Жәндіктерге арналған үйлер», «Метеостанция», «Су сүзгісі», «Күн энергиясы»). Тәрбиешілер дайын сценарийлер мен тәжірибеге енгізуге арналған «идеялар қоржынын» алды.