«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұр бала" бөбекжайы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад "Нұр бала» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеңес «Балабақшадағы жас мамандарға көмек»

10.09.2025

«Балабақшадағы жас мамандарға көмек» кеңес беру.
Мақсаты: Жас мамандарға оқыту мен тәрбиелеу, дамыту салалары бойынша теориялық және әдістемелік көмек ұйымдастыру, ізденіске жетелеу.
Балабақшаға жаңадан келген мамандардың ортаға, жұмысқа тез үйренісіп кетуі бірнеше кезеңдерден өтеді. Мысалы; ортаға бейімделу, Әдіс тәсілдер іздеу, Жаңа технологияларды меңгеру т.б.
Жас педагогтарға кеңес беру олардың кәсіби дамуын, оқытуын және балалармен жұмыс істеуге бейімделуіне қолдау көрсетуді қамтуы керек. Маңызды тақырыптар: мектеп жасына дейінгі балалардың педагогикасы мен психологиясының негіздері, сабақтар мен ойындарды өткізу әдістері, тәртіпті сақтау және жанжалдарды шешу әдістері, сонымен қатар мәдени-гигиеналық машықтарын тәрбиелеу..
Бұл мамандықтың маңыздылығын айта отырып, жаңа мамандарды қолдауға, оларды ұжымға бейімдеуге, топты басқаруға және балалармен және ата-аналармен қарым-қатынасқа үйретуге көңіл бөлу маңызды.
Жас мамандарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибесіне енгізе отырып логикалық ойнау қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында кеңес жүргізілді.

Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст