Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Нұр бала" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли- сад "Нұр бала" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы Жеңіс күні

06.05.2021

7, 9 мамыр күндері балабақшада Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді.Балабақшаның ортаңғы топтары тақырыптық сабақ көрсетсе, ересек және мектепалды даярлық топтарында мерекелік іс-шаралар ұйымдасырылды.Балалар Жеңіс күніне арналған  өлеңдерін жатқа айтып, ән шырқап, би биледі.Сондай-ақ, балалар бейнелеу студиясының жетекшісі Д.Е Елтаеваның ұйымдастыруымен  «Жеңіс от шашуы» тақырыбында балалардың сурет көрмесін әзірледі.

9 мамыр 1945 жыл-бұл дата бізден алыстап барады. Біздің ұрпақ сол үмітпен қорқыныштың арасында болған жоқ.

 Осы Ұлы соғыс туралы балаларымызға қалай айта аламыз? Сол кезеңді басынан кешкен адамдардың қайғы-қасыретін толық сипаттайтын қандай сөздер табуға болады?

Болып жатқан оқиғаның мәнін қалай сауатты жеткізуге болады және кішкентай жанның бойында мақтаныш, жанашырлық, қастерлеу,патриоттық сезімін қалай ояту керек?

Жеңіс тақырыбында көптеген сөздер айтылды, кітаптар, мақалдар, әндер, өлеңдер жазылды, фильмдер түсірілді.Тағы да көп нәрсе айтылады, өйткені бұл біздің ұмытуға құқымыз жоқ үлкен қайғымыз.

Бұлдіршіндер біздің Отанымыздың ерлігі жайында көптеген қызықты мәліметерді білді, фотосуреттер мен кинохроникаларды тамашалады,соғыс жылдарының әндерін тыңдады.Балалар Ұлы Жеңіс күні мен бейбітшілік туралы, Қазақстан республикамыз  жайында алған әсерлерін көркем шығармалар арқылы көрсетті.

Құрметті Отан қорғаушылар, мерекелеріңіз құтты болсын! Біз сіздерге батырлық пен Отанға деген сүйіспеншілік, батылдық пен патриотизм үшін алғыс айтамыз.Сіздерге ашық аспан,тұрақтылық пен сенімділік, бақыт тілейміз.

Аталарымыздың ерліктерін еске ала отырып, біз баршаны Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Жер бетінде өмір сүретін барлық адамдарға бейбітшілік пен қуаныш, бақыт тілейміз!

Просмотров: 158


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст