Текст
«Нұр бала» балабақшасында 1 мамыр мерекесінің іс-шаралар жоспары бойынша ересектер топтарының арасында асфальтқа сурет салу байқауы өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Алдымен осы мереке туралы балалармен әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында біздің елімізде әр ұлтты адамдар достықта,түсінушілікпен өмір сүретіні туралы айтылды.
Кейіннен балалар асфальтқа салатын суреттеріне көшті.Олар біздің халықтың достығы,бірлігі жайлы түсініктерін өздерінің суреттерінде Бәйтерек,шаңырақ,гүлденген дала және ашық аспан,жарқыраған күннің көзі арқылы айқындап көрсетті.