Текст
26-30 сәуір аралығында біздің балабақшада Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты: балалар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру; оларды бір-біріне көмектесуге, адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрметтеуге және бағалауға үйрету; басқа ұлт адамдарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Әр топтың балалары басқа ұлттың костюмдерін көрсетіп қана қоймай, әр халықтың мәдениетімен таныстырды. Тек осы күні бір сахнада қазақ, орыс, татар, украин және басқа да халықтардың билерін көрдік.